ШҚО Семей қаласы «Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесінде Қаңтар айының 21-ші жұлдызында өзін-өзі тану онкүндігі аясында «Жақсылық сәулесі» атты тақырыпта 2 курс білім алушыларына онлайн түрде акция ұйымдастырылды.
«Жақсылық сәулесі» акциясы
Акцияның басты мақсаты:білім алушыларды «Не істесең де, әлемдегі жақсылықтың мөлшері артуы керек» деген ұранмен өмір сүруге үйрету болды.Акция барысында білім алушылар мейірімділік, көмекке келуге дайын болу сияқты ұғымдарды талқылады. Аталмыш іс-шараның нәтижесінде білім алушының бойына кез-келген іс «шынайы», «таза ниетпен», «махаббатпен», «сүйіспеншілікпен» жасалынса,әр адамның бойындағы жақсылықты рухани қазына қылып алуға болатыны туралы және адамдардың арасындағы қарым-қатынас «жақсылық жасау», « көмек көрсету», « достық», «бақыт» , «қолдау» құндылықтарының адамның ішкі әлемінің рухани қазынасы екендігіне ой-қорытынды жасалынды.
«Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі
Оқу орнымыздағы өзін-өзі тану кабинетінде « Мейірім төгетін ана» атты көрме ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты: адам өзін жан-жақты рухани бағытта жетілдіру.
Көрме білім алушыларға және оқырмандарға инстаграмм желісі арқылы таныстырылды.
Білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы авторының «Адамгершілік-рухани өсудің 12 сатысы» атты дәйексөздерінің стенді әзірленді.